jitsu gif

Жолда сары белгі пайда болды: Бұл нені білдіреді

Фото
Фото: Елорда полиция департаментінің баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтанда алғаш рет жол белгісі ретінде сары сызық қолданылды – Мәңгілік ел даңғылындағы бөлу жолағы сарыға боялды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Елорда полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, эксперимент жол апатын азайтуға бағытталған.

"Елорда аумағында пилоттық жоба аясында Мәңгілік ел даңғылының бойында Ұлы Дала көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейін жол белгісі ретінде сары түсті тұтас қос сызықты қолдану бойынша жұмыстар эксперименттік тәртіпте ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бұл белгіні Жеңіс және Сарыарқа даңғылдарында қолдану жоспарланып отыр", - деп түсіндірді полиция.

Мұндай белгі әлемнің көптеген елінде қолданылады.

"Бұл белгі жүргізушілердің жолға назар салуына мүмкіндік береді, сонымен қатар қыста ауа райы нашарлап, жауын-шашын түскен кезде жол қауіпсіздігі деңгейін арттырады", - деп түсіндірді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков.

Осы белгіні қолдануға байланысты заңнамалық актілерге, соның ішінде Жол қозғалысы ережесіне тиісті өзгерістер енгізіледі.  

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.