jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Риза Шайқақ
Риза Шайқақ
Бұрынғы қызметкер

Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: Синоптиктер бүгінгі ауа райына болжам жасады

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Бүгін, 18 сәуірде еліміздің басым аумағында ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр, түнгі уақытта солтүстікте қар аралас жаңбыр болжануда. Кейбір облыстарда тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста, батыста және солтүстік-батыста найзағай ойнайды деп хабарлайды Қазгидромет.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.

Жамбыл облысында, күндіз Алматы облысында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/c дейін күшейеді.

Қостанай облысының кей бөліктерінде найзағай ойнап, дауыл тұрып, тұман түседі деп күтілуде. Күндіз желдің жылдамдығы 15-20, екпіні секундына 25 метрге дейін барады.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерді тұман басып, күндіз желдің екпіні 23-28 м/c дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Қарағанды, Қызылорда облыстарында жел 15-20 м/c дейін күшейеді, Қарағанды облысында кей жерлерде – тұман.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Атырау облысының кей аймақтарын тұман басады. Батыс Қазақстан облысында найзағай жарқылдайды деп болжанды.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда 18 сәуірде күн ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз 18 градусқа дейін көтеріледі, түнде – плюс бір градус. Жел жоқ.

Алматыда көшпелі бұлт шығып, оқта-текте жаңбыр жауады. Күндіз сынап бағанасы плюс 19 градус, түнде плюс 8 градусты көрсетеді.

Шымкентте де күн ашық. Күндіз – плюс 22, түнде – плюс 11 градус.

Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: Синоптиктер бүгінгі ауа райына болжам жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.