Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі өңір ғана «жасыл аймақта»: Коронавирус жұқтыру бойынша соңғы деректер

Опубликовано:

Дәрігерлер
Көрнекі фото: Getty Images

Қазақстан Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы соңғы деректерге сүйене отырып, еліміздің аумақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

2021 жылдың 18 сәуіріндегі жағдайы бойынша:

«Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.

«Сары аймаққа» Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары кірді.

«Жасыл аймақта» әзірге Қостанай мен Түркістан облыстары ғана тұр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін өткен тәулікте елімізде ПТР тесті арқылы 2828 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлаған едік.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында - 636,

Алматы қаласында - 677,

Шымкент қаласында - 126,

Ақмола облысында - 102,

Ақтөбе облысында - 200,

Алматы облысында - 243,

Атырау облысында - 127,

Шығыс Қазақстан облысында - 105,

Жамбыл облысында - 43,

Батыс Қазақстан облысында - 109,

Қарағанды облысында - 210,

Қостанай облысында - 29,

Қызылорда облысында - 58,

Маңғыстау облысында - 33,

Павлодар облысында - 37,

Солтүстік Қазақстан облысында - 45,

Түркістан облысында - 48 адамнан қауіпті вирус анықталған.

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 287 001-ге жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908443-eki-onir-gana-zasyl-aimaqta-koronavirus-zuqtyru-boiynsa-songy-derekter/

pixel