Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада құрттың ішіне есірткі салып кіргізбек болғандар ұсталып қалды

Опубликовано:

Құрт
Көрнекі фото: martebe.kz

Қызылордада түзеу мекемесіне келген сәлемдемеден, қолдан жасалған құрт ішінен есірткі шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайт Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде болған.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен жазасын өтеп жатқан В. есімді азаматқа жолданған сәлем-сауқаттың ішінен есірткі тектес зат анықталды. Алты дана құрттың ішінен дәкеге оралып салынған өзіне тән хош иісі бар шөп тәркіленген.

"Мекемеге Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды. Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстарының нәтижесінде ол салмағы 3,2 грамм кептірілген марихуана болып шықты. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде", - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында жеке кәсіпкердің жүргізушісі 8 телефонды түрмеге алып өтіп, сатпақ болғаны туралы жазған едік.

Сонымен бірге, Шымкентте түрмеге телефон жібермек болған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалған болатын.

Одан бөлек, Қостанай облысында тік ішегіне салмағы 4 грамм болатын "гашиш" түйіншегін салып, тергеу изоляторына кірмек болған сотталушы ұсталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908522-qyzylordada-qurttyn-isine-esirtki-salyp-kirgizbek-bolgandar-ustalyp-qaldy/

pixel