Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлі күнге дейін көк тиын алмадық": Жамбылдық тұрғындар шетелдік компанияға шағымданды

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодан кадр: КТК арнасы

Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғындары тендер жеңіп алған шетелдік компанияға алданып қалғанын айтады. Олардың сөзінше, серіктестік істеген жұмысының ақысын бермей жүр деп хабарлайды КТК арнасы.

Шу ауданындағы каналдардың әбден тозығы жеткен. Сондықтан екі жыл бұрын тоғандарды тазартып табанына бетен төсеу жұмысы басталған. Оған 50-ге жуық қара жұмысшы тартылған. Алайда олар істеген еңбегінің ақысын әлі күнге дейін ала алмай келе жатқандарын жеткізді.

Наразы топтың сөзінше, түрік фирмасының оларға 200 млн теңгеден астам берешегі бар.

"Былтыр үш ай жұмыс істедім. Жұмысым бетон құю болды. Жарты айдың авансын берді. Екі жарым айдың ақшасы жоқ. Мен жұмысшылардың бригадирімін. Оларға да аванс берді, қалғаны жоқ", – дейді Әбдіғаппар Бекеев.

Жобаның құны 4 млрд теңгеге жуық. Тендерді түрік фирмасы жеңіп алған. Бұл серіктестік жұмысшылардан бөлек, 12 кәсіпкерге де қарыз болып шықты. Олардың айтуынша, шетелдік компания техникаларын жалға алып, кейін ақшасын бермей кеткен.

"Алғашқыда бізбен келісімшарт жасасқан жоқ. Бір аптадан соң болады деген. Бірақ өтірік алдап үш айға созды. Біз тапсырылған жұмыстың бәрін орындадық. Бірақ әлі күнге көк тиын ала алмадық. Менің өзіме 70 млн теңге қарыз", – дейді кәсіпкер Эльмар Мирзаев.

Ал мердігер техникасын жалға алғандар мен жұмысшыларға 200 млн теңге берешек дегенді жоққа шығарып отыр. Компания өкілінің сөзінше, қарыз бұл сомадан әлдеқайда төмен әрі оны өтеуден қашпаймыз дейді ол.

"Кей адамдар ұжымдық қысым жасау арқылы істелмеген жұмысқа бізден ақша өндіргісі келеді. Көбінің еңбек еткенін растайтын құжаты да жоқ. Кімнің қолында келісімшарты бар, біз олармен есептесеміз. Дәл қазір бізде қаржылық қиындықтар туындап жатыр. Банк банкрот болып, сондағы қаражат бұғатталып қалды. Соның кесірінен осындай жағдай туындады", – дейді компания директоры Хаджи Лал Мохаммад Акбар Шах.

Айта кетейік, қазір түрік фирмасының аяқсыз қалдырған ісін жергілікті комания жалғастырып жатыр.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908725-ali-kunge-deiin-kok-tiyn-almadyq-zambyldyq-turgyndar-seteldik-kompaniyaga-sagymdandy/

pixel