jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін

Мерекелік іс-шара
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстанда Малшылар күні пайда болуы мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесіне толықтыру енгізген үкімет қаулысы жобасын әзірледі. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды деп жазады Sputnik Қазақстан.

Құжатта Малшылар күнін маусымның екінші жексенбісінде атап өту ұсынылған.

"Жобаның мақсаты – елімізде малшылар күні мерекесін бекіту, сондай-ақ сала жұмыскерлерінің беделін арттыру, салада қол жеткізген жетістіктері үшін оларды көтермелеу", - делінген түсіндірме жазбада.

Қаулы жобасын іске асыру республикалық бюджеттен қаржылық шығындарға және теріс әлеуметтік-экономикалық немесе саяси-құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Қоғамдық талқылау 5 мамырға дейін созылады.

Айта кетейік, 26 сәуірден бастап Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе рейстерінің саны 20-дан 9-ға дейін қысқартылады.

Ведомствоаралық комиссияның тиісті хаттамасына сәйкес, 26 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы рейстердің жалпы санын аптасына 20-дан 9 рейске дейін қысқарту тапсырылған. Қысқартылған рейстердің кестесі: 20 сәуірдегі жағдай бойынша, екі ел арасында 7 бағыт бойынша аптасына 20 рейс орындалады.

Нұр-Сұлтан – Стамбул, 2 рейс;

Нұр-Сұлтан – Анталя, 1 рейс;

Алматы – Стамбул, 7 рейс;

Алматы – Анталя, 5 рейс;

Түркістан – Стамбул, 2 рейс

Ақтау – Стамбул, 1 рейс;

Шымкент – Стамбул, 2 рейс.

Қазақстанда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.