jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Түркістан облысында қызғалдақ жұлған тұрғынның басы бәлеге қалды

Қызғалдақ ұстаған ер адам
Фото: Түркістан облысы ПД

Шымкент тұрғыны Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды жұлғаны үшін миллиондаған айыппұл төлеуі немесе түрмеге отыруы мүмкін. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бәйдібек аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің табиғатты қорғау полиция тобының инспекторы полиция капитаны Алмас Серіков пен учаскелік полиция инспекторлары Бәйдібек ауданы Ақбастау ауылына қарасты жайылымдық алқаптан қолына бірнеше қызғалдақ ұстаған ер адамды байқап қалады.

Құжат тексеру барысында оның Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды.

Ер адамның қолындағы гүлдер Қызыл кітапқа енгізілген болуы мүмкін екенін ескерген тәртіп сақшылары, оны Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жеткізді.

6 қызғалдақ айғақты зат ретінде алынып, сараптама тағайындалды. "Сайрам-Өгем" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесінің анықтамасына сәйкес, аталған 6 дана гүл Қызыл кітабына енгізілген Грейг қызғалдағы болып шықты.

Полицей
Фото: Түркістан облысы ПД

Қазіргі уақытта осы жайтқа байланысты қылмыстық кодекстің 339-бабының 1-бөлігімен "Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану" сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы бап бойынша 3000 АЕК (8 751 000 теңге) дейінгі айыппұл түріндегі жаза немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, немесе 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 3 жылға бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалады.

Қызғалдақ
Фото: Түркістан облысы ПД

Сондай-ақ, мүлкін тәркілеу және белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға дейін айыру қарастырылған.

Түркістан облысында қызғалдақ жұлған тұрғынның басы бәлеге қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.