Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәуірдің соңында Алматыны қар басып қалды (фото, видео)

Опубликовано:

Қар Алматы
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда 21 сәуір күні түскі бір шамасында басталған қар әлі жауып тұр. Осы уақыт аралығында тау мен тау бөктеріндегі аудандарда 10-12 см жауын-шашын, ал қалада 6-8 см қар түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қалалық тұрғын үй саясаты басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, көктайғақтың алдын алу үшін 21 сәуір сағат түнгі 22:00-ден бастап қала жолдарына арнайы қоспалар себіліп, жауған қар сыпырылып жатыр.

Қазіргі уақытта көктайғаққа қарсы 243 тонна материал пайдаланылған.

Сонымен қатар, тротуарды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті өткелдерін, саябақтарды және басқа да қоғамдық орындарды қардан тазарту жұмыстары жалғасуда.

Қар тазалауға 965 жұмысшы мен 395 техника жұмылдырылған. Оның 136-сы - құм шашатын техника.

Сондай-ақ, аудан және қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.

Синоптиктер болжамынша, оңтүстік астанада қар түске таман тоқтайды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін синоптиктер елімізде таяу күндері аяз күтілетінін хабарлаған еді.

"Жауын-шашынның қарға ұласуына және елдің солтүстік жартысында ауа температурасының төмендеуіне себеп болған Скандинавия түбегінің аудандарынан келген суық антициклон Қазақстан арқылы жылжуын жалғастырады. Енді оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, сондай-ақ кей жерлерде 3 градусқа дейін аяз болады", - деген болатын мамандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909141-sauirdin-sonynda-almatyny-qar-basyp-qaldy-video/

pixel