Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда аяз күтіледі: Синоптиктер күтпеген болжам ұсынды

Опубликовано:

Бәйшешек
Бәйшешек. Көрнек фото: pixabay.com

Алдағы күндері Қазақстанда аяз күтіледі. Синоптиктер болжамы "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланды.

"Жауын-шашынның қарға ұласуына және елдің солтүстік жартысында ауа температурасының төмендеуіне себеп болған Скандинавия түбегінің аудандарынан келген суық антициклон Қазақстан арқылы жылжуын жалғастырады. Енді оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, сондай-ақ кей жерлерде 3 градусқа дейін аяз болады",- деді мамандар.

Айта кетейік, осыған дейін Қостанай облысында тұрғындар жол бойында жылжыған мұз үйіндісін видеоға түсіріп алған еді. Бейнероликке қатысты өңірлік жолаушылар көлігі мен автожолдар басқармасы пікір білдірді.

"Мен мұндайды ешқашан көрмегенмін",- дейді видео авторы.

Кадрларда мұздың жылжып бара жатқанын аңғаруға болады. "Дәлірек айтқанда, оны жел жылжытты",- деп хабарлады жолаушы көлігі басқармасының бастығы Олжас Нұрғалиев. Бұл жайт 18 сәуір күні Сарыкөл ауданында болған. Бес метр биіктіктегі мұз қатты жел салдарынан туындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908659-qazaqstanda-ayaz-kutiledi-sinoptikter-kutpegen-bolzam-usyndy/

pixel