jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Ақын Жәркен Бөдешұлы дүниеден өтті

Жәркен Бөдешұлы
Фото: 6alash.kz

Белгілі ақын Жәркен Бөдешұлы 76 жасына жасына қараған шағында қайтыс болды. Ақпаратты Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек Facebook парақшасында растады.

"Қазақ әдебиеті мен руханияты тағы да қара жамылды. Сұм ажал арамыздан ғаламат ойшыл-ақын, періштедей ақ көңіл адам Жәркен Бөдешұлын алып кетті. Барша қазаққа қайғыра көңіл айтамын. Жәркен ағамыздың рухы бейіштің төрінде шалқысын. Алла алдынан жарылқасын" деп жазды Ақберен Елгезек Facebook-тегі парақшасында.

Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда Қытайдың Тарбағатай аймағы Толы ауданындағы Жайыр тауында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Қазақстанда түрлі басылымдарда және мемлекеттік кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған.

Оның "Аңырақай бекетіндегі ой", "Қарауыл төбе", "Генерал Жаһар Дудаев", "От пен су", "Тас бесік", "Бостандықтың басы", "Шер", "Жалғыз" атты дастандары жарияланған. "Жұлдызға орнын ай бермес", "Көкше құрақ", "Қос қанат" өлеңдер мен поэмалар жинағы жарық көрген.

Ақберен Елгезектің хабарламасына сәйкес, Жәркен Бөдешұлымен қоштасу жиыны 23 сәуірде сағат 10:00-де Алматыда өтеді.

Ақын Жәркен Бөдешұлы дүниеден өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.