Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда мектеп пен түлектер байланысын арттыратын "Тараз түлектері" орталығы ашылды

Опубликовано:

Тараз қаласының әкімдігі
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, республикада алғаш болып қолға алынған «Жомарт түлек» жобасы аясында Тараз қаласында №51 орта мектеп базасынан «Тараз түлектері» орталығы ашылды. Ашылу салтанаты 22 сәуір күні Тараз қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өтті.

Орталықты құрудың негізгі мақсаты еліміздің түрлі салаларында қызмет етіп, белгілі бір жетістіктерге жеткен кешегі мектеп бітірген түлектер мен мектеп арасындағы өзара байланысты арттыру және жастармен ұдайы түрде кездесулер ұйымдастырып, ұрпақ сабақтастығын жалғастыру болып отыр.

Аталған орталық заманауи үлгіде жабдықталған. Онда түлектер жұмысын үйлестіретін қауымдастық та құрылған.

Тараз қаласының әкімдігі
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Алдағы уақытта мектеп түлектері Тараз қаласын көркейтуге, дамытуға бағытталған жаңа жобаларды енгізу мәселелерін талқылап, жасампаз идеяларын орталық арқылы жүзеге асыратын болады.

Сонымен қатар, орталық ықпалымен әлеуметтік санаттағы қиын жағдайға тап болған балаларға қол ұшын беріп, көмек көрсету, оларды қолдау бағытында да жұмыстар жүргізіледі деп жоспаланып отыр.

«Тараз түлектерінде» жетістікке жеткен түлектер жайлы ақпараттар ауыспалы тәртіппен үнемі жаңартылып отырылады.

Мектеп базасындағы орталықта «Түлектер тілек кітабы» да ашылған. Онда білім ордасынан түлеп ұшқан шәкірттер мектептер мен ұстаздарға деген ерекше құрметін жаза отырып, болашақ ұрпаққа деген жылы лебізін білдіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909178-tarazda-mektep-pen-tulekter-bailanysyn-arttyratyn-taraz-tulekteri-ortalygy-asyldy/

pixel