Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жел, тұман, найзағай: Синоптиктер бүгінгі күнге ауа райы болжамын ұсынды

Опубликовано:

Найзағай
Көрнекі сурет: pixabay.com

Елімізде 24 сәуірде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын "Қазгидромет" РМК синоптиктері назарға ұсынды.

Қазақстанның солтүстік, орталық және оңтүстік-шығысы әлі де антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің қалған аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр, шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Еліміздің кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, батыс және оңтүстікте найзағай, шаңды дауыл күтіледі.

Жамбыл, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел күші 15-20 м/с болып, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман күтіледі.

Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, желдің күшеюі 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі. Батыс Қазақстан облысында найзағай болуы ықтимал.

Ақтөбе, күндіз Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Қызылорда облысында найзағай болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, шаңды дауыл болады. Маңғыстау, түнде Атырау облыстараның кей жерлерінде тұман күтіледі.

Еске салсақ, бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын жария еткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909497-zel-tuman-naizagai-sinoptikter-bugingi-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/

pixel