Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда Toyota Land Cruiser мінген 12 жасар баланың әкесіне айыппұл салынды

Опубликовано:

Көлік
Фото: kolesa_pavlodara

Павлодарда Toyota Land Cruiser көлігін тізгіндеген 12 жасар баланың әкесіне айыппұл салынды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, әлеуметтік желідегі kolesa_pavlodara парақшасы кәмелетке толмаған баланың көлік жүргізген сәтінен фотоны жариялаған.

"Кенжекөл ауылында кәмелетке толмаған бала (12-13 жаста) көлік жүргізуде. Полиция қайда қарап жүр, түсініксіз. Ал егер Құдай сақтасын, балаларды қағып кетсе, сұмдық болайын деп тұр", - деп жазды хабарлама авторы.

Павлодар полициясы жағдайды бірден назарға алды.

"Аталған факт бойынша Кенжекөл ауылына автопатруль жіберіліп, бұл расталды. Автокөлік иесінің 12 жасар баласы Toyota Land Cruiser Prado жүргізіп келе жатты", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

12 жасар баланың әкесі әкімшілік кодекстің 612-бабы "Басқару құқығы жоқ адамға көлiк құралын басқаруға беру" дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, оған 50 айлық есептік көрсеткіш (145 850 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда Mercedes-ті ондаған полиция көлігі қуғанын жазған едік. Көлікті 29 жастағы ер адам басқарған, ол 2020 жылы қыркүйекте ішімдік ішкені үшін жүргізуші куәлігінен айырылған болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909612-pavlodarda-toyota-land-cruiser-mingen-12-zasar-balanyn-akesine-aiyppul-salyndy/

pixel