RU

Тергеліп жатқан Елжан Біртанов немен айналысып жүр: Цой пікір білдірді

Елжан Біртанов
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұрынғы ведомство басшысы Елжан Біртановтың сотта жұмысқа оралуға рұқсат беру туралы өтінішіне қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері Алексей Цой вакцина алғаннан кейін оған көкейде жүрген сауалдарын қойды.

"Сот Елжан Біртановқа үйден шығуға және жұмыс істеуге рұқсат берді. Оны Денсаулық сақтау министрлігіне қабылдайсыз ба?", - деді отандық басылымның тілшісі.

"Қазіргі кезде біз де мұндай ақпаратты алып отырмыз. Білуімізше, ол қазір коммерциялық құрылымда жұмыс істеп жатыр", - деп жауап берді денсаулық сақтау министрі.

Естеріңізге сала кетейік, Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпарат өткен жылдың қазан айының соңында пайда болған еді.

Кейін Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг жөніндегі комитеті экс-министрдің қамауға алынғанын растады. Ведомство Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын мәлімдеді.

Кейін Дмитрий Куряченко экс-министрдің үй қамағына алынғанын хабарлады. Соңғы рет Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 14 мамырға дейін ұзартылды.

Бірақ белгілі бір уақытта үйден шығуға құқы бар", - дейді адвокаты Дмитрий Кудряченко.

Оның сөзінше, бұл жолы үйқамақта ұстау шарттары біршама жеңілдетілген.

"Сот үйқамақты жеңілдетіп, қоғам мен жанұясына пайдалы болу үшін сағат таңғы 08:00-ден кешкі 19:00-ге дейін үйден шығуға рұқсат берді. Алайда, қалған шектеулерге келсек, әрине қорғаушы тарап келіспейді. Қорғаушы тарап оны үйқамақтан толығымен босату керек деп санайды", - дейді Дмитрий Кудряченко.

Ал өткен аптада әлеуметтік желіде бұрынғы министрдің суреті тарап кетті. Көпшілік Біртановтың қазіргі халіне алаңдаушылық білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909642-tergelip-zatqan-elzan-birtanov-nemen-ainalysyp-zur-aleksei-coi-pikir-bildirdi/