Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда аруы Гүлнұр Нұртазаның жоғалып кеткені туралы хабар тарады

Опубликовано:

Гүлнұр Нұртаза
Гүлнұр Нұртаза. Фото: instagram.com/nurtaza.gulnur

Әлеуметтік желіде "Қазақстан аруы-2019" байқауының финалисі және "Қызылорда аруы - 2017" Гүлнұр Нұртазаның жоғалып кеткені жөнінде ақпарат тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қызылордалық аруға іздеу салынғаны туралы хабарлама Instagram-дағы kris.p.almaty.official парақшасында жария болды.

"Жоғалған күні 26 сәуір, 2021 жыл.

Белгілері: Бойы 183 см, дене бітімі арық, шашы ұзын, көзі қара.

Киімі: сұр кофта және күлгін түстес рюкзак.

Соңғы рет Достық плаза сауда орталығы маңынан көргендер бар.

Мына нөмірлерге хабарласу керек: +7 778 48885 80 немесе Алматы қаласы ПД 8 727 544702", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бойжеткеннің қиын жағдайға тап болғаны туралы жазған болатынбыз. Әлеуметтік желіде Қызылорда аруының дәмханада ыдыс жуып жүрген видеосы тарады. Кейін Гүлнұрдың отбасындағы жалғыз қыз екені, 15 жасында әкесі жүрек талмасынан, өткен жылы қыркүйекте анасы коронавирустан қайтыс болғаны туралы дерек анықталды. Сондай-ақ, құрбысы Гүлнұрдың жүрегінде ақау барын, арасында мұрнынан қан ағып талып қалатынын айтқан болатын.

Одан бөлек, Гүлнұрдың орысша білмегендіктен көп жұмысқа тұра алмай қайтқаны жөнінде баршаға мәлім болды. Гүлнұр Нұртаза отбасылы ер адамдардың кездесуге шақырғанын да жасырмай айтқан еді.

Айта кетейік, қызылордалық бойжеткеннің жақын құрбысы Диляра Шәріпханова Гүлнұрдың модель болып түрлі сән көрсетілімдерінде жұмыс істегенін жеткізді. Бірақ карантинге байланысты бұл кәсібін тастауға мәжбүр болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910003-qyzylorda-aruy-gulnur-nurtazanyn-zogalyp-ketkeni-turaly-xabar-tarady/

pixel