jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алматылықтарға алаяқ 15 мың теңгеге екпе құжатын ұсынған

ноутбук
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина қабылдамаса да, екпе төлқұжатын иемденгісі келетіндердің есебінен пайда табуды көздегендер әшкере болды деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Бейтаныс адам алматылықтарға бірнеше клиниканың атынан вакцина қабылдағанын растайтын электрондық құжат алуға көмектесетінін айтқан.

Телеарна тілшілері клинет ретінде қызметін ұсынған адаммен байланысқа шыққан.

Журналистермен тілдескен ол пациенттің төлқұжаты мен оның мекенжайын сұраған. Ал қызмет құны қанша деген сауалға "15 мың теңге" деп жауап берген.

Сондай-ақ ер адам вакцина салдырды деген белгі "Электронды үкімет" порталында көрсетілетініне сендіреді.

"Кейінірек сізге өткен адамдардың үлгісін жібере аламын. Бірінші кезеңі бүгін, екіншісі 18 мамырда. Осыдан кейін eGov порталында вакцинациядан өткені туралы құжат пайда болады", - дейді ол.

Сонымен бірге ер адам жалған төлқұжат жасау құны 5 мыңнан 25 мың теңгеге дейін баруы мүмкін екенін хабарлады. Бұл емханаға байланысты екен.

Еске сала кетсек, Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов елімізде вакцинацияның электронды төлқұжатын енгізуге қатысты пікір білдірген еді.

"Тұрғындар арасында көптеген сұрақ электронды вакцинация төлқұжатын енгізуге байланысты туындайды.

Мұндай төлқұжат – бұл бұрыннан бар "екпе төлқұжат" ретінде бәрімізге белгілі тәжірибенің цифрлық аналогы ғана екенін атап өткім келеді. Халыққа ыңғайлы болу үшін оны электронды форматқа ауыстырдық", – деді дәрігер.

Алматылықтарға алаяқ 15 мың теңгеге екпе құжатын ұсынған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.