Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бас санитар дәрігері вакцинация төлқұжатының қажеттілігін түсіндірді

Опубликовано:

Ине
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов елімізде вакцинацияның электронды төлқұжатын енгізуге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы "COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК"-тың ресми Telegram арнасы хабарлады.

"Тұрғындар арасында көптеген сұрақ электронды вакцинация төлқұжатын енгізуге байланысты туындайды.

Мұндай төлқұжат – бұл бұрыннан бар "екпе төлқұжат" ретінде бәрімізге белгілі тәжірибенің цифрлық аналогы ғана екенін атап өткім келеді. Халыққа ыңғайлы болу үшін оны электронды форматқа ауыстырдық", – деді дәрігер.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі вакцинацияның электрондық төлқұжаты жасалғанын жариялаған болатын.

Бұл төлқұжат коронавирусқа қарсы вакцинацияларды тіркеу үшін қажет, оның көмегімен азаматтар өздерінің вакциналары туралы мәліметтерді "сұраныс орны бойынша және еркін жүріп-тұру үшін" бере алады.

Кейінірек министрлік вакцинацияның бар-жоқтығына қарамастан, Қазақстанда жүріп-тұру еркін болып қала беретіндігін түсіндірді.

Сонымен қатар, парламент мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева коронавирусқа қарсы вакцина салдыруды жоспарлап отыр. Сонымен бірге ол қандай вакцина салдыратынын да айтты.

Оған қоса, вакцинацияланған азаматтардың иммундық мәртебесін QR-код арқылы білуге болады. Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтқан болатын. Оның сөзінше, денсаулық сақтау ұйымдарын инвентаризациялау бойынша министрлік жұмыс тобын құрған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897172-kazakstanny-bas-sanitar-drigeri-vakcinacia-tlkzatyny-kazettiligin-tsindirdi/

pixel