Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйімді бұзса, өзімді өртеп жіберемін": Әкімдік үйін қиратпақ болған азамат жанайқайын айтты

Опубликовано:

Видеодан кадр
Видеодан кадр: 31 арна

Алматыдағы Томирис шағын ауданының тұрғыны маңдай термен салған үйін әкімдік қызметкерлері бұзса, өзін өрттеп жіберетінін жеткізді. Оның сөзінше, енесінің атындағы жерге баспана тұрғызған. Алайда құрылыс бітуге таяғанда атқамінерлер үйін трактормен таптауға келген көрінеді. Өйткені бұл жердің заңды құжаты жоқ екен деп хабарлайды 31 арна.

"Үйімді бұзса, үйіндінің астынан өлігімді табасыңдар" деп жылаған Ғалымжан Серікұлы бірінші топтағы мүгедек.

"Бұл жер негізі енемнің атында. Ол кісілер "времянка" салған. Менің денсаулығым жарамсыз болып қалғаннан кейін, денсаулығың жарамсыз ғой, құжатын жай-жай туралап аласың дегеннен соң осы жерге үй салғанмын", - дейді ол.

Отбасы жердің құжатын рәсімдеуге арыз да берген. Алайда Ғалымжанның жарының сөзінше, өтініш қаралмаған.

Ол үй біткенде, әкімдікте белсенді болып жүрген Бағдат есімді қызметкер дәл осы жерге таласқанынын айтады.

Ал өзін Алатау ауданы әкімдігінде жай белсендімін деп таныстырған азамат бұған әкімдікті кінәлап отыр.

"Мен әкімдікке барып неге сендер жерді таныспенен жасатасыңдар деп айтамын. "Самозахват" қанша жылдан бері тоқтады. Оны елдің бәрі біледі. Одан бері 5-6 жыл өтіп кетті. Мен де осыларға ұқсап, жер басып алғым келеді", - дейді Алатау ауданының белсендісі Бағдат Қожамқұлова.

Азаматтардың шағымына қатысты Алатау ауданының әкімдігі жауап берді. Олардың айтуынша, бұл жерді заңсыз басып алғандықтан құжат шықпаған.

"Жер комиссиясы бар, ол комиссияның шешіміне сәйкес бұл кісілердің қолында мемлекеттік акт жоқ. Бұл мемлекеттік резервте тұрған жер. Бұл жерге заңсыз үй-құрылысын басып алу жолымен, заңсыз үй салған", - дейді Алатау ауданы әкімдігінің өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы Дәулет Ахметов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910137-uiimdi-buzsa-ozimdi-ortep-ziberemin-akimdik-uiin-qiratpaq-bolgan-azamat-munyn-saqty/

pixel