jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Ұжымдық ауызашарға барған ақтөбелік депутат пен мәслихат хатшысы жауапкершілікке тартылды

Фото
Видеодан кадр: diapazon.kz

Ақтөбе облысының бас санитарлық дәрігері ұжымдық ауызашарда көзге түскен Ақтөбе мәслихатының хатшысы Анар Даржанова мен Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасының төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты Сұлупан Шынтасоваға қандай жаза қолданылғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Анар Даржанова мен облыстық кәсіпкерлер палатасының төрайымы Сұлупан Шынтасованың ауызашарда отырған видеосы тараған еді.

Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева банкетке қатысқандардың жауапкершілікке тартылғанын жеткізді.

"Ұжымдық ауызшарды өткізгені және қатысқаны үшін Қазақстан Республика әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 20 жеке тұлғаға хаттама толтырылып, әрқайсысына 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынды", - деді облыстың бас санитары.

Сонымен қатар, іс-шара өткен қоғамдық тамақтану объектісінің иесі де хаттама толтыру үшін шақырылғаны белгілі болды.

Әкімшілік заңнама нормаларына сәйкес азаматтар 7 күннің ішінде айыппұлдың 50 пайызын төлеуге құқылы.

Айта кетейік, сонымен қатар әлеуметтік желіде Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтің көңілді кеште ән салып тұрған видеосы тарап, көпшіліктің талқысына түскен болатын.

Желді тараған видеоға Рүстем Исаев пікір білдірді. Айтуынша, видеодағы ер адам өзі. Алайда ол карантинді бұзбаған.

"Иә, бұл 5 наурыз күні болған. Ұжыммен бірге 20 адам болып әйелдер қауымын мерекемен құттықтадық. Ән айттым. Біз ол кезде "жасыл" аймақта едік. Карантин талаптарын бұзу болған жоқ, іс-шара бекітілген талаптарды сақтай отырып өтті", - дейді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Ұжымдық ауызашарға барған ақтөбелік депутат пен мәслихат хатшысы жауапкершілікке тартылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.