Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда қаланың қақ ортасындағы тағы бір жол ойылып қалды (фото)

Опубликовано:

Фото
Фото: Instagram/eto_astana_detka

Елордада көктем шығып, қар ерісімен қала ішіндегі жолдардың тоз-тозы шығып жатқаны байқалуда. Мәселен, тұрғындар бұған дейін Тәуелсіздік-Мұңайтпасов көшесіндегі ойылып қалған асфальттің куәсі болса, енді міне шаһар ішіндегі тағы бір көшенің асфальті опырылып түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Асфальттің ойылып қалған суреті Instagram-дағы танымал аккаунттардың бірінде пайда болды. Онда көше жолының екі жерден опырылып, ойылып қалғанын анық көруге болады.

Жазба авторы: "Нұр-Сұлтан емес, тесік-шұрық жолдардың шаһарына айналды. Иманов және Бейсекбаев көшелерінің қиылысы, Жар-Жар ТК жаны" деген қысқа ғана жазба қалдырған.

Желі қолданушылары да суреттің жарияланғаны сол-ақ еді, сыни пікірлерін жаудырды.

"Жалғыз бұл жер емес, қаланың көп көшесі осындай", "Қар еріді, онымен бірге асфальт та еріп кеткені ме сонда, қалай?", "Иманов көшесіндегі жолдың сыйқы биыл осылай", "Жылды осы ғой, несіне таң қаласыздар", - дейді пікір жазушылар.

Аталған мәселеге қатысты жергілікті әкімдік өкілдері пікір білдірді.

" 2021 жылдың 28 сәуірінде қаланың коммуналдық қызмет өкілдерімен оқиға орнына бару кезінде, Иманов-Брусиловский, Иманов-Бейсекбаев көшелерінің қиылысындағы асфальттің қай тұстан опырылғаны анықталып отыр. Белгілі болғандай, опырылу Иманов көшесінің бойындағы 42, 44 көпқабатты тұрғын үй кешендеріне 110 БП - 243 БП кабельдік каналдарын тарту орындарында пайда болған. Бұл мәселе қатаң бақылауда, қысқа мерзімде оны шешу жолдары қолға алынатын болады", - дейді әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910285-nur-sultanda-qalanyn-qaq-ortasyndagy-tagy-bir-zol-oiylyp-qaldy-foto/

pixel