RU

Заңсыз салынған: Алматыда ірі көлік жуу нысаны сүрілді (фото)

Фото
Фото: Алматы қаласының құрылысын бақылау басқармасы

Алматыда заңсыз салынған ірі көлік жуу нысаны сүрілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап.

Сот шешімімен мегаполистің №1 шағын ауданында орналасқан көлік жуу орны бұзылған.

"Жоспардан тыс тексеру кезінде №1 шағынауданы 95А, мекенжайында 22х9 және 4х5 метр жер учаскесінде рұқсатсыз құрылыс жүргізілгені анықталды. Біз бірден сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 319-бабы бойынша ("Өндiрiстiк, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектiлердi жерге тиісті құқықсыз заңсыз салу") бойынша талап-арыз бердік.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі бойынша талап арыздар толығымен қанағаттандырылды", - делінген хабарламада.

Алматы қалалық әділет департаментінің қызметкерлері сот шешімін орындай отырып, нысанды бұзды.

Фото
Фото: Алматы қаласының құрылысын бақылау басқармасы

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 29 сәуір күні Алматыдағы 28-панфиловшылар саябағында қайғылы жағдай орын алған болатын. Кішкентай бала жүк тиегіштің астына түсіп, көз жұмды.

"Аталған факті Медеу ауданы полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 104-бабы (Абайсызда кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өкінішке орай, үш жасар бала алған жарақаттар ауыр болып, ол көз жұмды. Арнайы техниканың рөлінде 1970 жылы туған азамат У. отырған. Тергеу басталды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910367-zansyz-salyngan-almatyda-iri-kolik-zuu-nysany-surildi-foto/