Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде вакцинация паспортын Ashyq қосымшасымен біріктіру жоспарлануда

Опубликовано:

QR код
Көрнекі фото: Thomas Frey/picture alliance via Getty Images

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халық алдындағы есеп беру кездесуінде вакцинация паспортын 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Ashyq қосымшасымен біріктіру жоспарланып отырғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Цойдың сөзінше, халыққа иммунопрофилактика жасау үшін e-gov mobile "Вакцинация" сервисі, sms-хабарламалар, жеке кабинетті пайдалану, сондай-ақ "Цифрлық құжаттар" сервисіне вакцинация паспортын енгізу арқылы IT-технологиялардың мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылуда.

Министрдің айтуынша, вакцинация паспортында адамның қандай препаратты қаншалықты дозада қабылдағаны, қай күндері қабылдағаны туралы мәліметтер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді болды.

"Сонымен қатар құжатты талап еткен жерде QR-кодты пайдалану арқылы көрсетуге мүмкіндік бар. Вакцинация паспорты вакцинаның екі компонентін алғаннан кейін беріледі", – дейді Алексей Цой.

Оның мәліметінше, қазірге уақытта вакцинация паспортын Ashyq қосымшасымен біріктіру үшін IATA Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен ынтымақтастық мәселесі қарастырылуда.

Министрдің айтуынша, вакцинация паспортын Ashyq қосымшасымен біріктіру 2021 жылдың 1 шілдесінен басталады.

Айта кетейік, Ashyq мобильді қосымшасы 2021 жылдың қаңтарында шектеу шаралары мен бизнес жұмысы арасындағы тепе-теңдікті сақтау мақсатында енгізілген еді. Кейіннен бұл қосымша республиканың барлық аймақтарында енгізіле бастады, бұл оның қатысушыларына шектеу шаралары режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік берді.

Қазір Ashyq қосымшасы денсаулық сақтау және сұлулық, көлік, мәдениет саласындағы мекемелерде, сондай-ақ қоғамдық тамақтану, ойын-сауық орындары, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар, банктер, халыққа қызмет көрсету орталықтарында және университеттерде қолданылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910553-qazaqstanda-vakcinaciya-tolquzattaryn-ashyq-qosymsasymen-biriktiru-zosparlanuda/

pixel