jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

1 мамырда Алматыдағы саябақтардың бірі жұмыс істемейді

Саябақ
Фото: almaty.zagranitsa.com

1 мамыр, сенбі күні Алматы қаласындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағы (бұрынғы Горький атындағы саябақ) келушілер үшін жабық болады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Саябақтың ресми сайтында мұның тазалық жұмыстарымен байланысты екені хабарланды.

"Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерге 2021 жылдың 1 мамырында Алматы қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағы жабық болатынын хабарлаймыз. Бұл күні саябақта санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі", - дейді саябақ әкімшілігі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Нұр Жолы", "Достық", "Бақты" автокөлік өткізу пункттері 1, 7 және 9 мамырда яғни алдағы мереке күндері жұмыс істемейтінін жазған едік.

"Қазіргі уақытта Қазақстан-Қытай шекарасында 2 темір жол ("Достық" және "Алтынкөл") және 3 автокөлік ("Нұр Жолы", "Достық", "Бақты") өткізу пункттері жұмыс істейді, жалғасып жатқан карантиндік шектеулерге байланысты бұл пункттер арқылы тек жүктер мен тауарларды ғана өткізу жүзеге асырылады", – дейді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге қазақстандықтардың мамыр айында неше күн демалатыны туралы жазған болатынбыз.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Мейрам сенбіге түсіп тұрғандықтан бес күн жұмыс істейтіндер 1-3 мамыр аралығында демалады.

Сондай-ақ, Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінен орай ел азаматтары 7-10 мамыр аралығында демалады.

1 мамырда Алматыдағы саябақтардың бірі жұмыс істемейді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.