Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтардың мамырда неше күн демалатыны белгілі болды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстандықтардың мамыр айында неше күн демалатыны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы электронды үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Мейрам сенбіге түсіп тұрғандықтан бес күн жұмыс істейтіндер 1-3 мамыр аралығында демалады.

Ескерту: Мемлекеттік мереке демалыс күндеріне (сенбі немесе жексенбі) сәйкес келсе, демалыс бір күнге ұзартылады.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. 8 мамыр – сенбі.

9 мамыр – Жеңіс күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан мерекелік демалыс дүйсенбі, 10 мамырға ауысады. Осылайша, қазақстандықтар 7-10 мамыр аралығында төрт күн демалады.

Жалпы 2021 жылдың мамырында 13 күн демалыс болады.

Аптасына алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар болса, 11 күн демалады: 1, 2, 7, 9 және 10 мамыр (3-ші және 8-ші мамырда олар жұмыс істейді).

Айта кетейік, биыл ең ұзақ демалыстардың бірі наурыз айында болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908453-qazaqstandyqtardyn-mamyrda-nese-kun-demalatyny-belgili-boldy/

pixel