Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық оқушы әлем университеттерінен шақырту алды

Опубликовано:

Кембридж университеті
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматылық оқушы Кибриянұр Абдугафарова әлемнің іргелі университеттерінен шақырту алды. Енді ол АҚШ-тағы Ричмонд және Дрексель, Канададағы Британдық Колумбия және Оңтүстік Кореядағы КАИСТ университеттерінің қай-қайсында да оқи алады деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Кибриянұрдың нақты ғылымға деген қызығушылығы бала кезден басталады. Математиканы жақсы көрген ол, кейін келе физиканы да ерекше зейін сала оқиды. Ал, жоғары сыныпта химия пәнімен танысқан соң, болашағын осы ғылыммен байланыстырамын деп шешеді.

"Химия өте қызықты әрі таңғаларлық ғылым. Күрделілігі де бар. Әр тапсырманы орындаған сайын, жаңа білімді меңгересің. Тағы бір қызығы, мұнда формула жаттаудың қажеті жоқ. Логикалық ойлау арқылы есепті шешесің", – деді 12-сынып оқушысы Кибриянұр Абдугафарова.

Кибриянұр бірнеше жыл қатарынан химия пәні бойынша республикалық олимпиадалардан алтын медаль жеңіп алған. Ал халықаралық  Менделеев олимпиадасынан үшінші орын алған соң оны Қазақстан құрамасына қосады. Биыл Кибриянұр Елбасының "Ел мақтанышы" сыйлығын алды. Бұл – оқушының дарыны мен еңбексүйгіштігінің тағы бір дәлелі. Ал бір мезгілде әлемнің бірнеше университеттерінен шақырту алуым, күтпеген жағдай дейді талантты оқушы.

"Әзірге ойланып жүрмін. Олар шешім қабылдауым үшін  белгілі бір уақыт берген. Одан да басқа мүмкіндіктер бар. Әрине, оңай емес. Кейін өкінбейтіндей таңдау жасауым керек", – дейді 12-сынып оқушысы Кибриянұр Абдугафарова.

Кибриянұр сабақтан тыс уақытта спортпен шұғылданады. Алыс қашықтыққа жүгіргенді жаны сүйеді. Марафондарға қатысып, үздік нәтиже де көрсетіп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910783-almatylyq-oqusy-alem-universitetterinen-saqyrtu-aldy/

pixel