jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Коронавирус: Жамбыл облысы мен Шымкент "қызыл" аймаққа өтті

дәрігерлер74
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Жамбыл облысы мен Шымкент қаласы "қызыл" аймаққа өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

3 мамырдағы мәлімет бойынша Жамбыл облысы мен Шымкент қаласынан бөлек, қазір "қызыл" аймақта - Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары бар.

"Сары" аймақта - Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау өңірлері болса, "жасыл" аймақта - Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

Айта кетейік, Жамбыл облысы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша алғаш рет "қызыл" аймаққа еніп отыр, ал Шымкент қаласы бұған дейін екі рет "қызыл" аймаққа кіріп, кейін "сары" аймаққа ауысқан еді.

Сондай-ақ, өткен тәулікте елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 2496 адам тіркеліп, 1758 науқас індеттен жазылып шыққан болатын.

Жалпы қазір елімізде 44 374 адам коронавирустан емделуде, олардың ішінде 15 476 пациент стационарда, 28 898 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 762 адамның жағдайы ауыр, 197 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 122 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға келсек, 1 мамырдағы мәлімет бойынша аталмыш диагноз 12 адамға қойылып, 2 жағдай өліммен аяқталған. 65 адам дертінен жазылып шыққан.

Коронавирус: Жамбыл облысы мен Шымкент "қызыл" аймаққа өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.