Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Шымкент қайтадан "қызыл" аймаққа өтті

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша екі күн "сары" аймақта болған Шымкент қайтадан "қызыл" аймаққа енді. Ал Қостанай облысы "жасыл" аймаққа көшкен.

Мұндай мәліметтерді COVID-19 дертінің талауына жол бермеу жөніндегі ВАК ресми Telegram-каналында жария етті.

ВАК мәліметтеріне сенсек, 28 сәуірдегі жағдай бойынша еліміздің өңірлері коронавирус дертінің таралу көрсеткішіне байланысты келесідей аймақтарға бөлінді:

"Қызыл" аймақта - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, сонымен қатар Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстары;

"Сары" аймақта - Алматы облысы және Шығыс Қазақстан мен Жамбыл облыстары;

"Жасыл"аймақта - Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында аймақтың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланғанын жазған едік. Оған сәйкес облыстың әкімшілік орталығы - Таразда карантин күшейтіледі.

Одан бөлек, елімізде бір тәулікте 2682 адам коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз. Олардың 698-і - Алматы қаласының тұрғындары болып шықты.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 324 082-ге жетіп отыр. Сонымен қатар, өткен тәулікте 2499 науқас коронавирус дертінен жазылып шыққаны анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910056-covid-19-symkent-qaitadan-qyzyl-aimaqqa-otti/

pixel