Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны едәуір азайды
Жарияланған күні:
Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректерді жария етті деп хабарлайды Coronavirus2020.kz telegram арнасы.
Қазақстанда өткен тәулікте 2076 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталған.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 250
- Алматы қаласы - 658
- Шымкент қаласы - 65
- Ақмола облысы - 137
- Ақтөбе облысы - 27
- Алматы облысы - 180
- Атырау облысы - 44
- Шығыс Қазақстан облысы - 77
- Жамбыл облысы - 58
- Батыс Қазақстан облысы - 73
- Қарағанды облысы - 240
- Қостанай облысы - 26
- Қызылорда облысы - 73
- Маңғыстау облысы - 3
- Павлодар облысы - 125
- Солтүстік Қазақстан облысы - 6
- Түркістан облысы - 34.
Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 330 071-ге жетіп отыр.
Айта кетейік, 3 мамырдағы мәліметке сәйкес, коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Жамбыл облыстары "қызыл" аймақта тұр.
"Сары" аймақта - Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау өңірлері, "жасыл" аймақта - Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.
Сонымен қатар, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті елімізге әкелінген қытайлық Sinopharm технологиясымен өндірілген араб вакцинасы Hayat-Vax туралы ақпарат берген еді.
Hayat-Vax (SARS-CoV-2, Vero Cell) вакцинасы - бұл белсенділігі жойылған коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина, Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Рас-Аль-Хайма қаласындағы Julphar фармацевтикалық өндірісінде шығарылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910846-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-aitarlyqtai-azaidy/