Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"70 жыл бұрын салынған көне үйдеміз": Жамбыл облысында 12 баласы бар ана көптен жанұшыра көмек сұрауда

Опубликовано:

Фото
Фото: KAZ.NUR.KZ

Жамбыл облысында 12 баланы тәрбиелеп отырған Мәриям Омарова көпшіліктен көмек сұрауға мәжбүр. Айтуынша, 15 жыл бойы үй кезегінде тұрып мемлекеттік бағдарламамен баспаналы бола алмаған ол, "Қарекет" қоры арқылы үй алған. Алайда бұрындары жалға берілген баспанаға жөндеу жұмыстары қажет. Көпбалалы отбасы бұған қаражаттың тапшылығы қолбайлау болып тұрғанын айтады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

36 жастағы Мәриям Омарова Алланың аманатымен биыл 12-ші сәбиін дүниеге әкеліп, 8 ұл, 4 қыз тәрбиелеп отырған көп балалы ана.

Жергілікті поштаның қуықтай екі бөлмесін балаларымен бірге жылдар бойы паналаған ол, "Қарекет" қоры арқылы үйлі болған.

"Үйлі болғанда мәселе былай болды. Негізі мен жергілікті әкімдікте көп балалы ана ретінде 15 жыл бойы үй кезегінде тұрдым. Оған дейін жолдасым жергілікті поштада жұмыс істегендіктен, соның қуықтай екі бөлмесінде тұрдық. Содан үй кезегі жылжымай қойғандықтан, "Қарекет" қорының көмегімен 2,5 миллионға төрт бөлмелі жер үй алдық. Бір қызығы жергілікті әкімдіктен де дәл сол кезде үй беретін болып қалды. Бірақ 12 баламен көп қабатты үйде тұру қиын болады деп, жер үйді алатын болдық. Оған да шүкір", - дейді көп балалы ана.

Десе де, Мәриям Омарованың сөзінше, жер үй бұрындары жалға берілгендіктен, оған күрделі жөндеу жұмыстары керек екен.

"Бізге дейін бұл үйде квартиранттар тұрған. Соңғысының 5 баласы болған екен. Сондықтан үйдің обойлары жыртылған, тіпті кейбір жерлерде қабырғаның шпалдары көрініп тұр. Оны өз күшімізбен жөндейік десек, шама жоқ. Жолдасымның поштада алатын 80 мың теңге мен менің жәрдемақыма күн көріп отырмыз. Басқа қосымша табыс жоқ", - дейді келіншек.

Амалы таусылған ана, былтырдан бері қайын атасының бір бөлмелі үйіне көшкен.

"Үй тұруға жарамсыз болғандықтан, 70 жыл бұрын салынған, қайын атамның ескі үйінде балалармен тұруға мәжбүрміз. Қайын атамның өзі 80-нің сеңгіріндегі үлкен адам. Балаларым да өсіп келеді. Жергілікті әкімдікке үй бермесеңіздер де, үйді жөндеуге көмектесіңіздер деп барғанмын. Бірақ көмек бере алмаймыз деп шығарып салды. Ендігі бар ойым ана үйді жөндетіп, балапандарымды қуанту", - дейді көп балалы ана.

Аталған мәселе бойынша Жамбыл облысы, Шу қаласының әкімдігіне хабарласқанымызда, "басшылық жиналыста екенін, аталған мәселе бойынша кейін пікір білдіретіндерін" мәлімдеді.

Әзірге 12 баласы бар Мәриям Омарова көпшіліктен көмек сұрауға мәжбүр. Жамбылдық батыр анаға көмек қолын созамын деушілер, жолдасы Бекежанның төмендегі телефон номері арқылы Каспий картасына қаражат аударып, көмектесе алады.

Телефон номері: 87473223071

Каспий картасы: Бекежан С.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910926-70-zyl-buryn-salyngan-kone-uidemiz-zambyl-oblysynda-12-balasy-bar-ana-kopten-zanusyra-komek-surauda/

pixel