Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Алматыда ҰБТ қалай өткізілмек

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Алматыда ҰБТ өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кеңес өткізді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ержан Бабақұмаров қалалық білім басқармасының басшысы Жылқыбаевамен және қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері, аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ж. Бекшинмен бірлесіп биыл 6 мамыр мен 30 маусым аралығында қалада өтетін ҰБТ-ны ұйымдастыру жөнінде онлайн форматта кеңес өткізді.

Басты мақсат – коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермей, ҰБТ өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету. ҰБТ-ға қатысу үшін түлектердің өтініштерін қабылдау http://app.testcenter.kz сайтында online тіркеу арқылы жүзеге асырылмақ.

ҰБТ 5 пәннен тұрады (Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, таңдау бойынша 2 бейінді пән). ҰБТ-ның жалпы ұзақтығы аппеляцияны есепке алғанда 4 сағат 30 минут (270 минут). Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тест өткізілетін ғимараттарда зертханалық-аспаптық зерттеуді аяқтады.

ҰБТ кезінде оқушылар мен қызметкерлердің жеке гигиенасын сақтау үшін жағдайлар жасалған. Оқушылар көлемі 0,5 л бөтелкедегі сумен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар қосымша су диспенсерлері орнатылады. Оқушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті жарақтармен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған медициналық пункт жұмыс істейді, сондай-ақ жедел медициналық көмек бригадасының кезекшісін, аймақтық емханалардың дәрігерлерін тарту көзделген.

ҰБТ өткізілетін орындар санитайзерлермен, тепловизорлармен, дезинфекциялау ерітінділерімен және аяқ киімге арналған кілемшелермен, бактерицидті шамдармен, ауа рециркуляторларымен, пайдаланған бетперделерді утилизациялауға арналған урналармен қамтамасыз етілетін болады.

Одан бөлек, аудиторияларда кондиционерлердің, қабырға сағаттарының; бейнебақылау камераларының; бейнетіркегіштердің жұмыс істеуі; адамдардың топталуын болдырмау үшін кіреберістің алдында және ғимарат ішінде, оның ішінде өткізу және күту аймақтарында белгілер көмегімен әлеуметтік қашықтықтың (кемінде 1 метр) сақталуы қамтамасыз етілмек.

Маскасыз келген ҰБТ қатысушыларына бетперде беріледі.

Соынмен қатар, ҰБТ өткізу пунктін және тестілеу пунктіне жақын күту аймағын дезинфекциялау, ҰБТ өткізу пунктінде медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және медициналық пункттің жұмысын қамтамасыз ету (сондай-ақ COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға ниет білдірушілер үшін уақытша мобильді егу пункті ашылады), қоғамдық тәртіпті сақтау және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кезекшілік ұйымдастырылады.

ҰБТ өткізілетін ғимараттарға адамдардың көп жиналуын болдырмау мақсатында ата-аналар, мұғалімдер және басқа да адамдар жіберілмейді.

"Тәуекел тобындағы адамдарды, сондай-ақ 65 жастан асқан қарттарды ҰБТ қатысушыларымен бірге келмеуге шақырамыз", - дейді құзырлы мекеме өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911067-covid-19-almatyda-ubt-qalai-otkizilmek/

pixel