Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаржы министрлігі елордада жасөспірімді шенеуніктің баласы қағып кеткенін растады

Опубликовано:

Автокөлік
Көрнекі фото: pixabay.com

Қаржы министрлігі елордада жаяу жүргіншілер жолында жасөспірімді қағып кеткен Toyota жүргізушісі мемлекеттік кірістер комитеті департаментінің басқарма басшысының ұлы екенін растады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасына қатысы бар жүргізушінің әкесі жоғары лауазымды шенеунік емес екенін баса айтты.

"Біз әкесін, оның лауазымын ешқалай байланыстырмаймыз. Бұл дұрыс емес. Ол комитет немесе министрліктің топ-менеджері емес, жоғары лауазымды шенеунік деу де қате. Ол мемлекеттік кірістер комитетінде бақылау департаменті басқармасының басшысы қызметін атқарады. Басқа ұйымдармен салыстырар болсақ, ол бөлім бастығы сияқты", - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Әлібек Әбділов.

Оның айтуынша, 21 жастағы жүргізушінің әкесі мемлекеттік қызметкер болғандықтан, оның есімі әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде тарап жатыр.

Сонымен қатар, Әлібек Әбділов бұл жайттың мән-жайы әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен анықталатынын да атап өтті.

"Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысумен әңгіме жүргізіледі. Оқиғаның мән-жайы анықталады. Ол мемлекеттік қызметкер болғандықтан, оның есімі аталғандықтан әрі қарай баласымен жұмыс істеу үшін профилактикалық әңгіме жүргізіледі", - деп қосты баспасөз хатшы.

Айта кетейік, бұған дейін куәгерлер елордада Toyota жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолында жасөспірімді қағып кетіп, оқиға орнынан кетіп қалғанын хабарлаған еді.

Жүргізушінің аты-жөнін тексерген куәгер оның мемлекеттік кірістер комитетіндегі әкімшілік акциздер басқармасы басшысының ұлы екенін анықтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911206-qarzy-ministrligi-elordada-zasospirimdi-seneuniktin-balasy-qagyp-ketkenin-rastady/

pixel