Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жоғары лауазымды шенеунік емеспін": Жасөспірімді қағып кеткен жүргізушінің әкесі мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: facebook.com/sara.bersan.1

Жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан жасөспірімді қаққан 21 жастағы жүргізушінің әкесі ресми мәлімдеме жасады. Мемлекеттік қызметкер "жоғары лауазымды шенеунік" емес екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Facebook әлеуметтік желісінде және басқа бұқаралық ақпарат құралдарында Ұлымның қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы жарияланған жазбаға қатысты мәлімдеме жасағанды жөн деп санаймын.

Мен қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінде басқарма басшысы қызметін атқарамын және "жоғары лауазымды шенеунік" емеспін. Бұл жайтты саралау, барлық мән-жайын анықтау тиісті шешім қабылдайтын құқық қорғау органдарының құзыретіне кіреді.

Осыған байланысты қазіргі уақытта алдын ала қандай да бір қорытынды жасау ерте. Менің тарапымнан Құқық қорғау органдарының әрекетіне араласуға жол берілмейді, оған қоса бұл заңмен қудаланады", – деген мемлекеттік қызметкер Дамир Нұрғалиевтің сөзін қаржы министрлігі жария етті.

Сонымен қатар, әкесі ұлымен әңгімелескенін де атап өтті.

"Мен өз кезегімде басылымдарда көрсетілген жағдай туралы ұлыммен әңгімелестім, сонымен қатар, қарсы тараптан ешқандай шағым болмаса да, кешірім сұрадық. Орын алған жағдайдың жұмысыма және қаржы министрлігі мен мемлекеттік кірістер комитетінің жұмысына ешқандай қатысы жоқ екенін атап өткім келеді", – деп толықтырды басқарма басшысы.

Еске салсақ, қаржы министрлігі елордада жаяу жүргіншілер жолында жасөспірімді қағып кеткен Toyota жүргізушісі мемлекеттік кірістер комитеті департаментінің басқарма басшысының ұлы екенін растаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911243-zogary-lauazymdy-seneunik-emespin-zasospirimdi-qagyp-ketken-zurgizusinin-akesi-malimdeme-zasady/

pixel