Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлым дуаланған": Түркістандық кейуана жалғыз баласының үйленбеуін ауылдас әйелден көрді

Опубликовано:

Бақсы
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысының тұрғыны жасы 40-қа жақындаған жалғыз ұлын үйлендіре алмай жүргенін айтып күйінді. Оның сөзінше, ұлының басын ауылдас келіншек дуалап алған. Әлі күнге немере сүйе алмаған әжей KAZ.NUR.KZ оқырмандарынан кеңес сұрады.

Түркістан облысының тұрғыны Дариға апа (есімі өтініші бойынша өзгертілді) 40-қа келген жалғыз баласының отау құрып, балалы-шағалы болғанын армандаумен келеді.

"Оны өзінен жасы әлдеқайда үлкен әйел дуалап алған. Бар ойы сонда. Әйтпесе осыған дейін талай қызбен таныстырып жүрдік. Өзі танысқан қыздарды үйге, маған көрсетуге әкеліп жүретін. Соңында ешқайсысы ұнамай қалады, немесе қызды басқа біреулер алып қашып алады. Соған қарағанда ұлымның жолы жабылған деп ойлаймын. Достарының бәрі үйленген, балалары бар. Ұлымды ынжық дей алмаймын. Қызметтегі адам. Астында көлігі бар. Дуалаған әйел осы ауылымызда тұрады", - дейді Дариға апа.

Жалғызбасты ана көп жыл бойы "ұлымның басын айналдырды" деген әйелдің үйіне барып, жанжал шығарғанын да айтады, бірақ нәтижесіз.

"Әлгі әйелдің үйіне барып, ұрыс шығардым. Қояр емес. "Оны ұстап тұрған мен емес, маған келмесін деп бет бақтырмады. Бірақ балам әлі сол әйелмен кездесіп жүр. Күйеуі сотталып кетіпті. Балалары бар. Қайтейін, күйініп отырмын", - дейді кейуана.

Дариға апа "дуаны" қалай қайтаруға болатынын, 40-қа келген ұлын қалай өз еркінен тыс мешітке, молданың алдына апаруға болатынын елден анонимді түрде сұрау үшін қалың оқырманға жүгінуді жөн көрген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911308-ulym-dualangan-turkistandyq-keiuana-zalgyz-balasynyn-uilenbeuin-auyldas-aielden-kordi/

pixel