RU

Алдағы күндері ауа райы қандай болады: Синоптиктер болжамы

Көктем
Көрнекі сурет: pixabay.com

Синоптиктер жетінші және сегізінші мамыр күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің бірқатар өңірінде алдағы күндері күн жылы болмақ деп жазады "Қазгидромет" РМК ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласында жетінші мамыр күні күндіз +18+20 °C, түнде +3+5 жылы болмақ. Ал сегізінші мамырда күндіз 21-23°C жылы болғанымен, жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Ақмола облысында жетінші мамыр күні күндіз +15 +20, облыстың оңтүстігінде +23 °C, түнде +1 +6 жылы болады. Кей жерлерде үсік жүруі мүмкін. Сегізінші мамырда күндіз +15 +20, облыстың оңтүстігінде 23°C жылы болғанымен, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал.

Көкшетауда мамырдың жетісі күндіз +18 +20 °C, түнде +4 +6 °C, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ал мамырдың сегізінде күндіз +21 +23 °C, түнде +4 +6 °C болмақ, жауын-шашын күтілмейді.

Ақтөбеде жетінші мамыр күндіз +20+22 °C, түнде +4+6 °C болады. Сегізінші мамырда күндіз +18+20 °C, түнде +8+10 °C, жауын-шашын күтілмейді.

Ақтөбе облысында жетінші мамыр күндіз +18+23, облыстың оңтүстігінде +26 °C, түнде +2+7, облыстың оңтүстігінде +10, облыстың солтүстігінде 2 градус үсік болады. Облыстың кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сегізінші мамырда күндіз +15+20, облыстың оңтүстігінде +23 °C, түнде +5+10, облыстың оңтүстігінде +13 °C болады, облыстың кей жерлерінде жаңбыр жауып, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматыда мамырдың жетісі күндіз +20+22 °C, түнде +16+18 °C болады. Күн бұлтты болып, найзағай ойнап, нөсер жаңбыр және бұршақ жаууы ықтимал. Мамырдың сегізі де күн бұлттанып, найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады деп күтіледі, күндіз +22+24 °C, түнде +13+15 °C болады.

Алматы облысында жетінші мамыр күндіз +20+25, кей жерлерде +17 °C, түнде +16+21, облыстың солтүстігінде +12 °C болады. Жаңбыр, кей жерлерде дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Сегізінші мамырда күндіз +20+25, кей жерлерде +17 °C, түнде +13+18, облыстың солтүстігінде +10 °C болады. Жаңбыр, кей жерлерде дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.

Атырау облысында мамырдың жетісі күндіз +20 +25, облыстың солтүстігінде +17 °C, түнде +8 +13, облыстың солтүстігінде +5 °C болады. Ауа райы аздап бұлтты, жауын-шашынсыз болмақ. Ал мамырдың сегізі күндіз +23 +28,облыстың солтүстігінде +20 °C, түнде +10 +15 °C болады, күн бұлтты болып, кей жерлерде жаңбыр, найзағай күтіледі.

ШҚО-да жетінші мамыр күндіз +20+25, облыстың оңтүстігінде +23 °C, түнде +10+15, облыстың оңтүстігінде +18 °C болады. Кей жерлерде жаңбыр, найзағай күтіледі. Ал сегізінші мамырда күндіз +15+20, облыстың оңтүстігінде +23 °C, түнде +2+7, облыстың оңтүстігінде +10, облыстың солтүстік-шығысында -3 °C болмақ. Кей жерлерде жаңбыр жауады.

Қарағанды облысында мамырдың жетісі күндіз +18+23, облыстың оңтүстігінде +26 °C, түнде +5+10, облыстың оңтүстігінде +15 °C болады. Ауа райы жауын-шашынсыз болмақ. Мамырдың сегізі күндіз +20+25, облыстың оңтүстігінде +28 °C, түнде +3+8, облыстың оңтүстігінде +12 °C, кей жерлерде жаңбыр, найзағай күтіледі.

Қостанай облысында жетінші мамыр күндіз +15+20, облыстың оңтүстігінде +23 °C, түнде +1+6, кей жерлерде -3 °C болады. Ауа райы жауын-шашынсыз.

Қызылорда облысында жетінші мамыр күндіз +27+32, облыстың солтүстігінде +24 °C, түнде +13+18, облыстың оңтүстігінде +21 °C болады. Кей жерлерде жаңбыр, найзағай күтіледі. Ал мамырдың сегізі күндіз +27+32, облыстың солтүстігінде +24 °C, түнде +13+18, облыстың оңтүстігінде +21 °C болмақ. Кей жерлерде жаңбыр, найзағай күтіледі.

Павлодар облысында мамырдың жетісі күндіз +15+20 облыстың батысында +23 °C, түнде +5+10 °C болады. Ауа райы жауын-шашынсыз. Ал мамырдың сегізі күндіз +15+20, облыстың оңтүстігінда +23 °C, түнде +1+6, кей жерлерде -3 °C болмақ. Ауа райы жауын-шашынсыз.

СҚО-да жетінші мамыр күндіз +15+20, облыстың оңтүстігінде +23 °C, түнде +1+6, кей жерлерде үсік 3 °C болады. Ауа райы жауын-шашынсыз. Мамырдың сегізі күндіз +15+20, облыстың оңтүстігінде +23 °C, түнде +1+6, кей жерлерде үсік 3 °C болмақ. Ауа райы жауын-шашынсыз.

Түркістан облысында мамырдың жетісі күндіз +25+30, облыстың солтүстігінде +22 °C, түнде +13+18, облыстың оңтүстігінде +21 °C болады. Жаңбыр, кей жерлерде дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Сегізінші мамыр күндіз +25+30, облыстың солтүстігінде +22 °C, түнде +13+18, облыстың оңтүстігінде +21 °C болады. Кей жерлерде дауыл тұрып, жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал.

БҚО-да жетінші мамыр күндіз +18+23, облыстың оңтүстігінде +26 °C, түнде +5+10, облыстың оңтүстігінде +13 °C болады. Ауа райы жауын-шашынсыз. Сегізінші мамыр күндіз +18 +23, облыстың оңтүстігінде +26 °C, түнде +7 +12, облыстың оңтүстігінде +15 °C болып, кей жерлерде жаңбыр, найзағай күтіледі.

Жамбыл облысында мамырдың жетісі күндіз +20+25, кей жерлерде +17 °C, түнде +16+21, облыстың солтүстігінде +12 °C болады. Ал сегізінші мамыр күндіз +23+28, облыстың солтүстігінде +20 °C, түнде +13+18, облыстың солтүстігінде +10 °C болады. Кей жерлерде жаңбыр, найзағай болады.

Маңғыстау облысында жетінші мамыр күндіз +20+25, облыстың оңтүстік-шығысында +28 °C, түнде +7+12, облыстың оңтүстігінде +15 °C болады. Кей жерлерде жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Ал мамырдың сегізі күндіз +20+25, облыстың оңтүстігінде +28 °C, түнде +10+15, облыстың оңтүстігінде +18 °C болмақ. Кей жерлерде жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911318-aldagy-kunderi-aua-raiy-qandai-bolady-sinoptikter-bolzamy/