Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қанша ардагер бар

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Калиев

Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыста болған 665 ардагер бар. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте мәлімдеді деп хабарлайды Қазақпарат.

1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыстың 665 ардагері, сонымен қатар басқа санаттағы 113 мың 555 азамат тұрып жатыр.

Олар:

  • Қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 74 адам;
  • концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары – 221 адам;
  • ҰОС қайтыс болған мүгедектердің әйелдері (күйеулері) – 2 296 адам;
  • ҰОС кезінде қаза тапқандардың жесірлері – 10 адам;
  • тыл еңбеккерлері – 89 385 адам;
  • ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер– 21 569 адам.

Сонымен қатар, Ерлан Әукенов Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің атынан барша Қазақстан халқын Жеңіс күнімен құттықтады.

"Жауынгерлік еңбегі үшін жүздеген мың қазақстандық медальдармен және ордендермен марапатталды, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының Батыры атанды. Төрт қазақстандық екі мәрте Батыр атанды, 110 қазақстандық үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Қолына қару алған әрбір екінші қазақстандық Жеңіске жету жолында қасық қаны қалғанша күресіп, өмірін қиды – ұрыстарда қаза тапты, жаралар мен аурулардан көз жұмды, хабар-ошарсыз кетті. 630 мың адам тұтқыннан оралмады", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911393-qazaqstanda-ekinsi-duniezuzilik-sogysqa-qatysqan-qansa-ardager-bar/