Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грузиядағы қазақстандықтың өлімі: Тергеудің алғашқы нәтижелері жарияланды

Опубликовано:

Фото
Фото: ednews

26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаеваның Грузияда қаза табуына байланысты қозғалған іс қандай баптар бойынша жүргізіліп жатқаны белгілі болды деп хабарлайды Sputnik Грузия.

Грузияның бас прокуратурасы таратқан ақпаратқа сәйкес, 5 мамырда күдікті қызды өлтіремін деп қорқытқан. Сосын зорлап тастады.

"Жәбір көрген қыз ауыр психикалық соққы алған. Ол өз-өзіне қол салды", - дейді тергеушілер.

6 мамырда қазақ қызының өліміне қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды. Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдіктіге зорлау және адамның ар-намысын кемсіту арқылы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу сияқты айыптар тағылып отыр. Оның кінәсі дәлелденсе, 8-10 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаеваның Грузияда жұмбақ жағдайда қайтыс болғанын жазған едік.

Кейінірек еліміздің сырты істер министрлігі қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Грузияның құқық қорғау органдары біздің елшілікке берген ақпаратқа сәйкес, биылғы 5 мамырда Тбилиси қаласындағы бір үйдің терезелерінің астынан Қазақстан азаматының денесі табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, аталған қыз 9-қабаттан құлап мерт болған.

Грузиядағы Қазақстан елшілігінің консулы марқұмның отбасымен үнемі байланыста. Бұл іс елшіліктің ерекше бақылауына алынды. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ел азаматының денесін отанына жеткізуге жан-жақты көмек көрсетуде", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911589-gruziyadagy-qazaqstandyqtyn-olimi-tergeudin-algasqy-natizeleri-zariyalandy/

pixel