Жаңбыр, найзағай: Бүгін еліміздің қай өңірлерінде күн райы бұзылады
Жарияланған күні:
Қазақстаның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал батысында және шығысында күн жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.
Солтүстікте, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Жамбыл, Түркістан, күндіз Алматы облыстарының кей бөліктерінде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жауады. Жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қостанай облысында да тұман түсіп, найзағай ойнауы ықтимал. Сонымен қатар, дауыл тұрып, жел 15-20 жылдамдықпен соғады, желдің екпіні секундына 23 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аумағында тұман түсіп, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, жел секундына 15-20 мтер жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с болады.
Күндіз Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Сондай-ақ, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей бөлігінде күндіз найзағай ойнайды.
Түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Павлодар облысында тұман түсіп, найзағай ойнайды, дауыл тұрып күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерлерде екпіні 25 м/с болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, түнде тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911648-zanbyr-naizagai-bugin-elimizdin-qai-onirlerinde-kun-raiy-buzylady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.