jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Түркістандық бір топ жас алты баланың анасына үй салып берді

Көрнекі
Фото: BAQ.KZ

Түркістандық жастар Қасиетті Рамазан айында 6 перзенттің анасы Нұргүл Әлібаеваға 4 бөлмелі үйдің кілтін табыс етті деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көпбалалы ана бірнеше жылдан бері пәтер жалдап күнелтіп келген.

2017 жылы күйеуі өмірден өткен жалғызбасты ана Ерғазы, Ерасыл, Ералы, Ербұлан, Ерсұлтан және Қарақат есімді ұл-қызды тәрбиелеп отыр.

Өз кезегінде қайырымды істің шарапатын көрген Нұргүл Жұмабайқызы жақсылыққа жаны құмар жандарға алғысын білдірді

"Құрылыс жұмыстарын түгелдей өзіміз жүргіздік. Ақылдаса келе жаңа үйді көпбалалы анаға сыйлауды жөн санадық. Баспаналы болып, төбесі көкке екі елі жетпей тұрған отбасы мүшелерінің жүзіндегі қуанышты көріп, марқайып қалдық. Көпшілікпен жиналған қаражатқа үйді заман талабына сай етіп тұрғыздық. Атсалысқан барлық азаматтарға, демеушілерге Алла разы болсын", — деді ұйымдастырушылардың бірі Жалғас Сабыров.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының соңында Түркістан облысы Жетісай ауданының тұрғыны жалғызбасты анаға 5 бөлмелі үйді сыйға тартқан болатын.

Екі қыз өсіріп отырған Назгүл Шадманова баспанаға қол жеткізе алмай келе жатқанына бірнеше жыл болған. Тағдырдың тауқыметін тартқан ана жомарттық танытқан азаматқа шексіз алғысын білдірді.

"Мен Жетісай қаласындағы орталық базарда аула сыпырып қыздарымды асырап отырмын. Тапқаным пәтерақы мен азық-түліктен артылмайды. Мұндай жағдаймен қашан үйлі болады екенмін, қалай перзенттерімді өзгелерден кем қылмай өсіремін деп уайымға салынатынмын. Міне, бүгін үйлі болып, күтпеген қуанышқа кенеліп отырмын. Тіпті, ішіндегі үй жиһаздары мен азық-түлігіне дейін беріп отыр. Енді бар тапқанымды қыздарымды тарықтырмай өсіруге барымды саламын. Игі іс жасап отырған азаматтарға алғыстан басқа айтарым жоқ", – деді әйел.

Түркістандық бір топ жас алты баланың анасына үй салып берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.