Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еліміздің оңтүстігінен келген қыздар": Жаңаөзендегі моншада 9 жезөкше қолға түсті (видео)

Опубликовано:

Қыз
Көрнекі фото: pixabay.com

Жаңаөзен қаласының тәртіп сақшылары 9 жезөкшені ұстады. Қолға түскен қыздардың барлығы Қазақстанның оңтүстігінен келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жаңаөзен қалалық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, сокзал жанындағы сауна мен Рүстем моншасынан тағы да жезөкшелер ордасы анықталған.

Моншаны жалға алушылардың бұрын да жеңгетайлықпен айналысып, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны айтылды.

Тәртіп сақшылары тәнін саудалаған 9 қызды ұстады. Қолға түскендердің барлығы Шымкент пен Тараз қаласынан келген. Олардың жасы 18-39 аралығында.

Ведомство дерегінше, жеңіл жүрісті қыздар Жаңаөзен қалалық полиция басқармасының "жезөкшелер санатына" есепке қойылған.

Айта кетейік, осыған дейін Маңғыстау облысында "Стоп-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында екі күннің ішінде 45 жезөкше ұсталған еді. Жеңіл жүрісті қыздар есепке қойылған болатын.

Іс-шара 24-26 наурыз аралығында өткізілген. Осы уақыт ішінде құқық қорғаушылар моншалар мен жалдамалы пәтерлерді тексерген.

"Жезөкшелік және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру және ұстау бойынша (ҚР ҚК 309 бап) 5 факті және кәмелет жасына толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту бойынша (ҚР ҚК 134-1 бап) бір дерек анықталды", - дейді Маңғыстау облыстық полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911862-elimizdin-ontustiginen-kelgen-qyzdar-zanaozende-monsada-togyz-zezokse-qolga-tusti-video/

pixel