jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Кафе, мейрамхана мен кортежге рұқсат жоқ: Елімізде бітіру кештері қалай өтеді

мектеп бітірушілер
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Білім және ғылым министрлігінің аппараттық жиналысында еліміздегі мектеп бітіру кештері қандай форматта өтетіні айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова 9 және 11 сынып оқушылары емихандарын толық тапсырып болғаннан кейін мектеп бітіру кеші өткізілетінін хабарлады.

Оның сөзінше, іс-шара 12-14 маусым аралығында өткізіледі.

Шолпан Каринова аттестат беру рәсімі ашық аспан астында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, ұйымдастырылатынын атап өтті.

Осы ретте іс-шараға аниматорлар, мереке ұйымдастыру агенттіктері мен жеке студияларды шақыруға тыйым салынады.

Сонымен қатар мектеп бітіру кешін мерекелік дастархан жайып, мейрамханаларда, кафелер мен басқа да ғимараттарда өткізуге рұқсат жоқ. Сондай-ақ автокөлік жалдап, қала сыртында экскурсия өткізуге тыйым салынады.

Өз кезегінде білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аттестат беру рәсіміне арналған іс-шараның маусым айының ортасында өтетінін хабарлады.

"Мектеп директорлары, білім бөлімдері, білім басқармалары аталған іс-шараны барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізуі керек. Сонымен қатар, әсіресе, қорытынды аттестация бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу маңызды", - дейді министр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Асхат Аймағамбетов соңғы қоңырау 25 мамырда дәстүрлі форматта тек 9 және 11 сынып түлектері үшін соғылатынын айтқан еді.

Кафе, мейрамхана мен кортежге рұқсат жоқ: Елімізде бітіру кештері қалай өтеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.