jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Оразада жалынып көмек сұраймын": Көпбалалы ана он жасар ұлын аяққа тұрғызу үшін жанталасуда

көмек
Фото: pomoch_erkebulanu

Алматыда пәтер жалдап тұратын көпбалалы ана 10 жастағы ұлының емін жалғастыруға елден көмек сұрайды. Баласының денсаулығына байланысты жұмысқа шыға алмайтынын айтқан әйел ұлын операциядан кейін оңалту оңай болмай тұрғанын айтты. Көпбалалы ананың Рамазан айында көпшіліктен үміті зор деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Көпбалалы анамын, баламның денсаулығына байланысты жұмысқа шыға алмай отырмын. Пәтер жалдап тұрамын, ұлымның емі үшін қақпаған есігім қалмады, қажыдым. Көмектесіңіздерші", - деп жалынады Дүйсебай Еркебұланның анасы Қаршыға Амантаева.

Оның айтуынша, баласы сал ауруымен туғаннан ауырады. Жақында Еркебұланның аяғына операция жасалған.

"Сол отадан кейін оған үздіксіз алты ай қимыл-әрекетті талап ететін жаттығу-ем алу керек екенін айтты дәрігерлер. Бізді Қызылордаға Сәкен Темірқұловтың клиникасына үш курспен ем алуға жіберді. Ол еміміздің құны 1 200 000 теңгеге шығып тұр. Бір курсын алдық, нәтижесі өте жақсы. Ары қарай жалғастыруға еш мүмкіндігім жоқ. Өтінемін, емімізді жалғастыруға көмектесіңіздерші. Бір курс емі екі ай жүреді. Құны 400 мың теңге. Жататын жері мен тамағын есептегенде 650 мың теңге кетеді", - дейді Қаршыға Амантаева.

Дүйсебай Еркебұланның жағдайын Инстаграмдағы @pomoch_erkebulanu парақшасынан білуге болады.

Реквизиттер:

Kaspi gold: 8 705 602 49 19 немесе 5169 4931 8472 4097

Каршыга А.

Телефон нөмірі: 8705 602 49 19

"Оразада жалынып көмек сұраймын": Көпбалалы ана он жасар ұлын аяққа тұрғызу үшін жанталасуда

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.