Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана LRT" ісі: Бірнеше айыпталушы өздерін тергеуге қатысудан босатуды сұрады

Опубликовано:

ЛРТ
Кадр: Хабар 24

Атышулы "Астана LRT-дегі" ұрлық ісі бойынша сот тергеуі аяқталды деп хабарлайды "Хабар 24".

"Астана LRT-дегі" ұрлық ісі Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың алдағы тыңдауларында қаралатын болады.

Ал 11 мамыр күні бірнеше айыпталушы өздерін тергеуге қатысудан босатуды сұрады. Олар жалпы сомасы шамамен 5 миллиард 800 миллион теңге болатын залалды төлеу туралы азаматтық талаппен келіспейтіндерін алға тартқан.

Жалпы іс бойынша айыпталушы жеті адам бар, сот олардың әрқайсысының кінәсінің дәрежесін анықтап, төлем сомасын тағайындауы керек.

Процеске қатысушылардың бірінің қорғаушысы шотына ақша түскен компанияларды да тергеуге тарту туралы өтініш білдірді. Адвокаттардың пікірінше, бұл істі неғұрлым толық және объективті түрде зерттеуге мүмкіндік береді.

Алайда прокурор өтінішті қолдамай, сот іс материалдарына қосып қойды.

Еске салсақ, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру кезінде 5,8 млрд теңгені жымқыру фактісі бойынша елорда әкімдігінің, "Астана LRT" ЖШС және басқа да лауазымды адамдарға қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдағаны туралы жазған болатынбыз.

Тергеу жұмыстары жобадағы құны миллиардтаған ұрлықты ашып, осы іс бойынша күдікті деп танылған бес адам қамауға алынды.

Кейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте LRT жобасының құрылысын жалғастыру керек пе деген сауалға жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912007-astana-lrt-isi-birnese-aiyptalusy-ozderin-tergeuge-qatysudan-bosatudy-surady/

pixel