Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ashyq" арқылы бір айда 1749 науқас анықталған

Опубликовано:

QR код
Көрнекі фото: Thomas Frey/picture alliance via Getty Images

12 сәуірден бері Ashyq қосымшасы арқылы 1749 қызыл түсті, 1268 сары түсті мәртебесі бар адам анықталған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Ashyq қосымшасының 13 сәуірге дейінгі жұмыс нәтижелерін жариялады.

"Ashyq қосымшасын 1,1 миллионнан астам пайдаланушы жүктеген. 12 сәуірден бастап 1 749 - қызыл түсті, 1 268 сары түтсті статусы бар келуші анықталды. Барлық өңірде жобаға 5 035 қатысушы нысан тіркелді. Қосымшада 1 200 өтініш қаралып жатыр", – деді "Атмаекен" өкілі.

Оның айтуынша, қосымша іске қосылғаннан бері 20 мыңнан астам пайдаланушы өздерінің мәртебесін ashyq.kz веб-сайты арқылы үйден тексеріп, 465 адам қызыл түсті мәртебесін анықтаған.

Еске салсақ, Ashyq қосымшасында жасыл түсті мәртебесі бар азаматтар шетелден келген жағдайда да ПТР-тест тапсырмауына болатыны туралы хабарлаған едік.

Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жанар Оразалина мәлім етті.

"Вакцина алған адамның Ashyq қосымшасындағы мәртебесі жасыл түсті болады. Яғни оның жүріп-тұруына шектеу жоқ. Мемлекеттік бас санитар дәрігердің қаулысына қосымша өзгерістер енгізілді. Ол бойынша Ashyq қосымшасындағы мәртебесі жасыл түсті жолаушылар шетелден ұшып келіп, ПТР- тест нәтижесін ұсынбай-ақ біздің шекарадан ішке кіре алады", – деп нақтылады Жанар Оразалина.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912390-ashyq-arqyly-bir-aida-1749-nauqas-anyqtalgan/

pixel