Таразда анасымен ұрысып қалған жасөспірім қыз үйінен қашып кетті
Жарияланған күні:
Таразда жоғалған жасөпірім қызды Жамбыл гарнизонының бүкіл жеке құрамы іздеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, жасөспірім қыздың жоғалғаны туралы полицияға анасы хабар берген. Қызы отбасындағы жанжалдан кейін үйден шығып кетіп, сол беті қайтып оралмаған.
"Кәмелет жасына толмаған қызды Жамбыл облыстық полиция департаментінің бүкіл жеке құрамы іздеді. Ол баруы мүмкін жерлердің бәрі түгел қаралып, тексерілді. Анасының айтуынша, баланың психологиялық бұзылысы бар. Полицейлер жасөспірімді табу үшін жақын маңдағы көшелерді аралап, оны көруі мүмкін куәгерлерден жауап алды. Бірнеше сағаттан кейін қыз табылды", - деп мәлім етті ведомстводан.
Белгілі болғандай, жасөспірім түзеу класында білім алады. Кешкісін анасымен ұрысып қалғаннан кейін ол мектепке кеткен. Алайда мектепке келгенде онда ешкім болмаған.
Жасөспірім мектептің жанындағы орындықта отырған сәтінде тәртіп сақшыларының көзіне түскен.
"Оның денсаулығы мен өміріне ешқандай қауіп төнген жоқ. Балаға ешкім зәбір көрсетпеген", - деп толықтырды департаменттен.
Еске салсақ, бұған дейін Петропавлда жұмысынан шыққан ер адам із-түзсіз жоғалып кеткені туралы жазған едік.
Бойы 175-176 см шамасында, арықша келген, қой көзді, оң қолында екі саусағының жоғары буыны жоқ және ішінде отаның тыртығы бар. Сол күні басында қара бейсболка, қара күртеше, көк джинсы шалбар, аяғында сандал болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912459-tarazda-anasymen-urysyp-qalgan-zasospirim-qyz-uiinen-qasyp-ketti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.