Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда жұмысынан шыққан ер адам із-түзсіз жоғалып кетті

Опубликовано:

ер адам4
Көрнекі фото: pixabay.com

Петропавлда полицейлер мен еріктілер 38 жастағы ер адамға іздеу жариялады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Петропавл волонтерлері әлеуметтік желіде Вячеслав Владимирович Пономаренкоға іздеу жариялады.

Петропавлдың 1983 жылы туған тұрғыны 1 мамырдан бері жоқ. Сол күні ол сағат 15.00 шамасында облыс орталығындағы Медведев көшесі, 41/10 мекенжайындағы жұмысынан шығып, белгісіз бағытта кеткен. Содан бері хабар жоқ.

Бойы 175-176 см шамасында, арықша келген, қой көзді, оң қолында екі саусағының жоғары буыны жоқ және қарнында отаның тыртығы бар. Сол күні басында қара бейсболка, қара күртеше, көк джинсы шалбар, аяғында сандал болған.

Жоғалған адам жайында қандай да бір ақпаратыңыз болса 8 777 608 88 49, 8 777 307 99 65 немесе 102 нөміріне хабарласуға болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін өткен жылдың ақпан айынан бері іздеуде жүрген Қостанай облысының 46 жастағы тұрғыны Ресейдің Набережные Челны қаласынан табылғанын жазған едік.

2021 жылдың 11 мамырында полиция бөліміне жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ер адамның Набережные Челны қаласынан аман-есен табылғаны туралы ақпарат түскен.

Ер адамның өзімен бірге ешқандай құжаты болмапты. Ресейлік әріптестермен келіссөздер жүргізілгеннен кейін Александра Цилинконың еліне оралуы үшін куәлік беру туралы шешім қабылданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912376-petropavlda-zumysynan-syqqan-er-adam-iz-tuzsiz-zogalyp-ketti/

pixel