Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сот Елжан Біртановты үйқамақта ұстау шарасын күшінде қалдырды

Опубликовано:

Фото
Кадр: zakon.kz

Нұр-Сұлтан қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Елжан Біртановты үйқамақта ұстау бұлтартпау шарасын күшінде қалдырды.

«Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы тергеу сотының 2021 жылғы 6 мамырдағы Е.Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 8 айға, яғни 2021 жылдың 14 маусымына дейін ұзарту туралы санкция берілген қаулысына оның қорғаушыларының жеке шағымдарын қарады. Адвокаттар бұлтартпау шарасын ұзартудан бас тартуды сұрады. Сот алқасы тергеу сотының қаулысымен келісіп, оны өзгеріссіз қалдырды», - деп жазады Нұр-Сұлтан қалалық сотына сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Айта кетейік, сот үйқамақта отырған Е.Біртановқа оның асырауында бес адам, оның үшеуі жас бала және қарт ана екенін ескере отырып, өмірге қажетті іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін үйден сағат 8-ден 19-ға дейін шығуға рұқсат берген еді.

Өткен жылы бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қамауға алынды. Оған қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912622-sot-elzan-birtanovty-uiqamaqta-ustau-sarasyn-kusinde-qaldyrdy/

pixel