jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Елімізде белгілі бір уақытта автобус жолағымен жүруге рұқсат берілмек

Автобус жолағы
Фото: alrt.kz

Қазақстанда автобус жолағымен белгілі бір уақытта өзге көліктердің емін-еркін жүруіне рұқсат етілуі мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы.

Жол ережелеріне енгізілген түзетулерде сондай бастама көрсетілген. Десе де белгілі уақыт аралығында шектеу бар. Қоғамдық көліктерге арналған жолақпен аптаның кез келген күні еркін қимылдағаныңызбен, таңғы және кешкі кептеліс уақытында жүруге болмайды.

Автобус жолағымен 7:30 бен 9:30 аралығында және 17:00-ден 20:00-ге дейін жүруге тыйым салынған. Аталған уақытта автобустардың жүріп-тұруына, аялдамаға тоқтауына кедергі келтіруге жол жоқ. Ал қалған уақытта автобус жолағымен жүруге рұқсат беру мәселесі қарастырылып жатыр. Жаңа өзгерістерді жария түрде талқылау мамыр айының соңына дейін жалғасады.

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтанда екі саябақты жалғайтын көпір салынатынын жазған едік.

Елорда әкімінің айтуынша, қала тұрғындарының өтініштері бойынша және қоғамдық кеңістіктердің (скверлер, саябақтар, бульварлар) қажет екенін ескере отырып, оларды кеңейту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Одан бөлек, маусымнан бастап қазақстандық автомобиль жолдарының қай учаскелерінде ақы алынатыны белгілі болғанын жазған болатынбыз.

Ведомство мәліметінше, инфрақұрылымды дамытудың "Нұрлы жол 2020-2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында елімізде 11 мың шақырым автожол ақылы жүйеге ауыспақ.

Дереккөз: КТК

Елімізде белгілі бір уақытта автобус жолағымен жүруге рұқсат берілмек

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.