RU

Қазақстан тағы да коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа кірді

Тұрғын
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық ахуалды бағалаудың жаңартылған матрицасын Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық денсаулық сақтау орталығы жариялады. Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстан "қызыл" аймаққа кірді.

19 мамырдағы нақты мәліметтерге сәйкес, "қызыл" аймақта Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, сондай-ақ 5 облыс - Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Қарағанды ​​және БҚО орналасқан. Жалпы республика "сарыдан" "қызыл" аймаққа көшті.

"Сары" аймаққа бес облыс кірген - Қостанай, Маңғыстау, Алматы, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысы. Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары және Шығыс Қазақстан облысы "жасыл" аймақта орналасқан.

Кеше ғана "қызыл" аймақтан "сарыға" ауысқан Шымкент бүгін тағы да "қызыл" аймаққа кіріп отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирусты жұқтыру көрсеткіші 20 пайызға төмендегенін мәлімдеп, Қазақстан коронавирус дертінің таралуы және дерттен көз жұмғандардың саны бойынша әлемдік рейтинге нешінші орында тұрғанын айтып бергенін жазған едік.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac вакцинасының екінші дозасын салдырғанын жазғанбыз.

Одан бөлек, медицина ғылымдарының докторы, эпидемиолог Сәкен Әміреев коронавирусты маусымдық ішек инфекциясынан қалай ажыратуға болатынын айтып бергенін жазған болатынбыз.

Эпидемиологтың сөзіне сенсек, коронавирус пен ішек вирусы бастапқы кезінде ұқсас болуы мүмкін. Себебі, олар жұғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913231-qazaqstan-tagy-da-koronavirustyn-taraluy-boiynsa-qyzyl-aimaqqa-kirdi/