RU

Қазақстанда алдағы күндері екі градусқа дейін күн суытады

Күн суытады
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер алдағы күндері елімізде күн суытатынын ескертті деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Мамандардың мәліметінше, 20 мамырда республиканың басым бөлігінде батыс және оңтүстік облыстарды қоспағанда, ауа температурасының қысқа мерзімді суытуы күтіледі.

Түнде солтүстік, солтүстік-батыс, орталық, шығыс, оңтүстік-шығыс облыстардың кей жерлерінде 2 градусқа дейін аяз болады. Бірақ 21 мамырда түстен кейін Иран аймақтарынан келетін жылы ауа массалары әсерінен температураның қайта жоғарылауы болжануда: солтүстік, солтүстік-батыс, орталық облыстарда 25-33 градусқа дейін, оңтүстікте - 35 градусқа дейін күн ысиды, деп атап өтті синоптиктер.

Республиканың кей жерлерінде найзағай ойнап, жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. 20-21 мамырда Қазақстанның шығысында және оңтүстік-шығысында қатты нөсер болады деп күтіліп отыр.

Мамандар түнде және таңертең еліміздің кей аймақтарында тұман күтілетінін де жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913253-qazaqstanda-aldagy-kunderi-eki-gradusqa-deiin-kun-suytady/