Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Еліміздегі облыстардың бірі "жасыл" аймаққа қайтып оралды

Опубликовано:

Тұрғындар
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймаққа қайтып оралды. Бұл туралы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК өз Telegram-каналында жария етті.

20 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.

"Сары" аймақта: Алматы, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары.

"Жасыл" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Еске салсақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық денсаулық сақтау орталығы Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық ахуалды бағалаудың 19 мамырдағы матрицасын жариялағанын жазған едік.

19 мамырдағы мәліметтерге сәйкес, "қызыл" аймақта Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, сондай-ақ 5 облыс - Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Қарағанды ​​және БҚО орналасқан болатын. Жалпы республика "сарыдан" "қызыл" аймаққа көшкен еді.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac вакцинасының екінші дозасын салдырғанын жазғанбыз.

Одан бөлек, медицина ғылымдарының докторы, эпидемиолог Сәкен Әміреев коронавирусты маусымдық ішек инфекциясынан қалай ажыратуға болатынын айтып бергенін жазған болатынбыз.

Эпидемиологтың сөзіне сенсек, коронавирус пен ішек вирусы бастапқы кезінде ұқсас болуы мүмкін. Себебі, олар жұғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913462-covid-19-elimizdegi-oblystardyn-biri-zasyl-aimaqqa-qaityp-oraldy/

pixel